Саясат
Түркиядан түрлі қару сатып алу талқыланды
Қазақстан қорғаныс саласының қызметкерлері түркиялық әріптестерімен басқосу ұйымдастырды. Басқосу барысында Түркиядан түрлі дрондарды сатып алу мен оларға Қазақстанда техникалық қызмет көрсету жағы талқыланды. Бұл туралы haqqin.az сайты хабарлайды.
Қазіргі таңда екі елдің қорғаныс саласындағы әріптестік арнайы операцияның мамандарын дайындау, соққы жасаушы және барлаушы дрондардың тактикасын үйрену бойынша іске асуда. Бұл екі ел арасындағы келісім шарттар негізінде іске асып жатыр.
Қазақстанның қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев пен Түркияның ұлттық қорғаныс министрінің орынбасары Мухсин Дере арасындағы кездесу барысында әскери техникалық саладағы әріптестікті арттыру, кәсіби мамандарды даярлау мен әскери өнеркәсіп саласын дамытудың маңызды екені айтылды. Қазақстандағы тұңғыш президент атындағы университет пен Түркия университеттерінде кәсіби әскери мамандарды дайындаудың маңыздылығы талқыланды.
Түркияның ірі әскери өнеркәсіп саласындағы компанияларымен әріптестік бойынша Қазақстанның қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Мұхамеджан Таласов пен Мухсин Деренің арасында да келіссөздер жүрді. Тараптар түрлі дрондарды сатып алу, оларға техникалық қызмет көрсету, Түркияның өзге де қару түрлерін алу бойынша талқылаулар жүрді.