Bugin

Қарабау- Индер тас жолының жөнделуі қашан аяқталады?

15 шақырымы жөнделді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қарабау-Индер тас жолының аяқталуы әзірге белгісіз.

Онлайн есеп беру кезіндегі көрермендер сауалына жауап беру кезінде Қызылқоға ауданы әкімі Нұрсұлтан Бисембиев Қарабау-Индер тас жолының жөнделуі қашан аяқталатынын белгісіз деп мәлімдеді.

"Қарабау- Индер тас жолының қазіргі уақытта 15 шақырымы жөнделді. Негізгі жөндеу жұмыстары Индерден бастау алды. Бұл жұмыстардың қашан аяқталатыны белгісіз, себебі, бәрі де қаржыландыруға байланысты. Бұл бағыттағы жолды жөндеу құны 24 млрд. 137 млн. теңге", - деді Нұрсұлтан Бисембиев.