Ойындар
Кәсіпкерлер көруі тиіс фильмдер топтамасын ұсынамыз.
Фильмнің сюжеті Коко Шанельдің өмірбаянына негізделген және табысқа жету жолын көрсетеді. Ол мейрамханада жұмыс істейтін адамдарға костюм тігеді, ал түнде сол жерде әнші болып жұмыс істейді. Көп ұзамай Барон Бальзанмен танысады. Бұл таныстық Шанельге сән әлеміне енуге және француз элитасына айналған шляпаларды тігуге мүмкіндік береді. Кейін Коко әйелдердің киіну стилін өзгертіп, оларға ыңғайлы костюмдер мен көйлектер тігеді. Фильмде Коко Шанельдің бүкіл жүріп өткен жолын көруге болады. Қарапайым тігіншіден әлемге әйгілі дизайнерге дейін.
Джой
Оқиға желісі Ingenious Designs компаниясының негізін қалаушы Джой Манганоның өміріне негізделген. Ол кез келген әйелге үй тазалауға көмектесетін, өздігінен сығылатын еден жуғышты (швабраны) ойлап тапқан адам. Оның ең басты арманы — күнделікті күйбеңнен құтылып, қаржылық жетістікке жету. Алғашқыда бәрі керемет болмайды, бірақ уақыт өте ол клиенттердің назарын өзіне аудара алды. Нәтижесінде қажетті сатылымға қол жеткізіп, табысты әйелге айналады.
Стажер
Джулс Остин — өз брендінің жетекшісі және негізін қалаушы. Кәсібін шағын бизнестен бастап жетекші брендке дейін көтереді. Джулс бір уақытта жақсы ана, әйел болуды, бизнесін жүргізуді, жиналыстарға қатысуды, жаңа идеяларды жүзеге асыруды қалайды. Бірақ ешнәрсеге үлгермейді. 70 жастағы стажер Бэн Уитаке оның өмірлік көзқарасын өзгертеді.
Социальная сеть
Марк Цукербергтің Facebook-ті құру тарихы суреттеледі. Сонымен қатар Гарвардта оқитын үш жолдастың оқиғасы баяндалады. Эдуардо Северин пайда үшін бизнеспен айналысады. Шон Паркер болашақ Facebook кеңесшісі. Марк Цукерберг әлеуметтік жағдайын жақсартуды ғана емес, өз идеяларын жүзеге асыруды ойлайды.
Спасти мистера Бэнкса
Фильмде Disney компаниясының «Мэри Поппинс» романын экранға шығару тарихы суреттеледі. Романды түсіру құқығына ие болғысы келген Уолт Дисней шығарма авторы Памела Траверспен екі апта бойы келіссөз жүргізеді. Фильмнің музыкасы да, костюмдері де талапшыл жазушының көңілінен шықпайды. Режиссер неше түрлі амал қолданады, бірақ бәрі бекер болып шығады. Бір қарағанда кәсіпкерлер үшін пайдасыз болып көрінетін фильмнің берері мол. Егер адамдарды өз жағыңызға тартқыңыз келсе, әр адамның көңілінен шыға алатын психолог бола білуіңіз керек. «Иә» деген жауапты естімейінше, тоқтамаңыз!