Қоғам

Ақтөбеде Азия чемпионын атып кеткені хабарланды

Ақтөбеде каратеден Азия чемпионы Дәулет Хайролла қаза тапты. Бұл туралы bugin.kz платформасы ratel.kz сайтына сілтеп хабарлады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Спортшы қазасы туралы ақпаратқа прокуратура мен облыстың ішкі істер департаменті пікір білдірмегенімен, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы қаралы хабарды растап, медициналық каталкадағы Дәулет Хайролланың мәйіті екенін мәлім етті.

Кейбір бейресми дерекке сай, кісі өліміне әдеттегі жанжал себеп болған. Дәулет Қайролла "жанжал орны" делінген қаланың ескі бөлігіне досын қолдау үшін келген. Ерегес соңы атысқа ұласып, қаңғыған оқ кездейсоқ Дәулетке тиген. Атқан жігіттер қорыққанынан Дәулетті көлікке салып, не істерін білмей қалада арлы-берлі жүріп, ақырында оны өлі күйінде Орталық стадион маңына көлікте қалдырып кеткен. 

Дәулет Хайролла киокушинкай каратеден 2018 жылғы Азия чемпионы, қоңыр белбеу иегері болған. Ол келесі аптада ел кубогы үшін өтетін жарысқа баруы керек еді.

Қазіргі таңда күдікті делінген 18-19 жастағы үш азамат ұсталған.