Қоғам

Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді

Еліміздің кейбір бөліктерінде бұрқасын жел болады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда 6-8 ақпан аралығында ауа райы күрт өзгереді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы ҚазГидрометке сілтеме жасап хабарлайды. 

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде ауа-райы өзгереді. Жаңбыр мен қар жауып, солтүстік бөлікте бұрқасын мен көктайғақ болады. Республиканың біраз бөлігінде тұман болады.

"8 ақпанда Қазақстанның оңтүстік бөлігіне антициклон жотасы әсер етеді, оның орталығы Түрікменстаннан жоғары. Атмосфералық процестердің тез ауысуы бүкіл республика бойынша температураның ауытқуына әкеледі", - деді Қазгидромет өкілдері.

Еске салайық, 5 ақпанда Нұр-Сұлтан мен тағы 12 облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланған болатын.