Ол қалайша "Сақалды әйел" атанған?!

Клементин Клату-Дулет күйеуімен бірге Францияның солтүстігіндегі шағын қалада наубайхана мен кафені басқарған.Оның өмірі Нансидегі карнавалға қатысқанға дейін өте қарапайым болған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Онда ол бетінде саман бар әйелді көреді. Ол әйел өзінің саманын басқа ешкім жердің кез-келген жерінен таба алмайтынын айтып мақтанады. 

Клементин дәл сол кезде «Асыл сақалды өсіремін»-деп шешім қабылдап,әйелмен бәстеседі.Ол өзінің күнделігіне сақалды өсіре алатынын жазған екен. 

Осы уақыт аралығында Клементин үнемі сақалын  қырып отырды. Ол поликистоза аналық без синдромымен ауырды.Оның белгілерінің бірі-әйелдерде сақалдың пайда болуы.Клементин асыл сақалын өсіріп, күйеуі екеуі бәстерінен 500 франк алады.

Клементиннің жаңа бейнесі барлық жергілікті ерлерге қызғаныш тудырды. Оның кафелері мен наубайханаларының клиенттері алшақтаған жоқ. Керісінше,кәсіптері асыл сақалдың арқасында жақсы дамыды.Бұл Клементиннің отбасылық бизнесінің айрықша белгісі болды.

Тіпті олар  өздерінің кафелерін «Сақалды әйелдің кафесі» деп өзгертті. Клементиннің күйеуі саудасын кеңейтуді ұсынған. Содан бастап олардың жаңа кафелерінде  әртүрлі кәдесыйлар,ашықхаттар,қолтаңба қойылған фотосуреттер сатып алуға болды.Кафеге Клементиннің плакаттары ілінді.

Сол дәуірде барлық француз газеттері Клементин туралы жаза бастады.Ал оның даңқы бүкіл Еуропаға тарады.Бәрі әйгілі сақалды әйелді көрмелер мен карнавалдардан көргісі келді.Осылайша,таңғажайып танымалдылықты пайдаланған 19 -ғасырдың ерекше оқиғасы тарихта «Сақалды әйел» деп аталды.