Bugin

2021 жыл атаулы күндерге толы

2020 жылы біз ұлы Абай атамыздың 175 жылдығын, ғұлама, философ Әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтті.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл, жыр алыбы Жамбылдың – 175, алаш арысы Әлихан Бөкейхановтың – 155, күш атасы Қажымұқанның – 150 жылдығы.

Сондай-ақ биыл Семей полигонының жабылғанына 30 жыл толып отыр. Айта кетерлігі, ядролық сынаққа тыйым салу арқылы біз тағдырымызға өзіміз жауап бере алатынымызды көрсетіп, әлемдік антиядролық қозғалыстың көшбасшысына айналдық.

2021 жыл Исатай Тайманұлының 230 жылдығы. Исатай Тайманұлы 1791 жылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Тайсойған құмында "Тайман жалы" деген жерде дүниеге келген. Кіші жүздің беріш руынан шыққан. Жоңғар шапқыншылығы кезінде атағы шыққан Ағатай батырдың ұрпағы.

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы. Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсарин 1841 жылдың 20 қазанында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келген.

Ахмет Жұбановтың 115 жылдығы. Ахмет Қуанұлы Жұбанов Ақтөбе облысы Темір ауданында 1906 жылы 29 сәуірде дүниеге келген.

"Айқап" журналының шыққанына 110 жыл. Қазақ баспасөзінің алғашқы қарлығашының бірі "Айқап" журналының алғашқы саны 1911 жылы 10 қаңтарда Троицкіде шыққан. Ұйымдастырушысы және баспагер, редакторы Мұхамеджан Сералин болды.

Қасым Аманжоловтың 110 жылдығы. "Өзге емес, өзім айтам өз жайымда" деп жырлаған ақын Қасым Аманжолов 1911 жылы 10 қазанда қазіргі Қарағанды облысының Қарқаралы ауданындағы Қызыларай қыстауында дүниеге келген.

Верныйдың Алматы болып өзгергеніне 100 жыл. 1921 жылы Верный атауы Алма-Ата деп өзгерту туралы шешім қабылданды.
Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы, Өмірбек Жолдасбековтің 90 жылдығы, Олжас Сүлейменовтің 85 жылдығы,  Сайын Мұратбековтың 85 жылдығы, Қабдеш Жұмаділовтің 85 жылдығы және тағы да басқа біртуар азаматтардың мерейтойы  2021 жылға сәйкес келеді.

Бұл даталарды атап өту ең алдымен ұлт мұрасын, құндылықтарын, танымал тұлғалардың мұрасын жастарға насихаттау  үшін  қажет.