Қоғам

Коронавирус: Екі облыс қызыл аймақта, 271 адамның жағдайы ауыр

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәуліктегі мәліметті жариялады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстан денсаулық сақтау министрлігінің 6 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, елдің екі облысы коронавирус жөнінен "қызыл" аймақта тұр. Олар - Ақмола және Павлодар облыстары.

Ведомствоның дерегінше, өткен тәулікте Павлодар облысында 223 адам, ал Ақмола облысында 153 адамнан індетке шалдыққан. 

"Сары" аймақта Батыс Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласы, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Қалған өңірлер мен қалалар – "жасыл" аймақта.

Ал әлемдегі пандемия ахуалы бойынша Қазақстан "сары" аймақтан "жасыл" аймаққа өтті. Дегенмен елде өткен тәулікте мыңнан астам адамнан коронавирус табылған.

Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте көз жұмғандар туралы әлі ақпарат жариялаған жоқ. Бірақ науқастардың жағдай туралы хабарлады.

"27 200 адам короновирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 5 684 пациент стационарда, 21 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін елдің бас санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланған. Қаулы ережелеріне сәйкес, "жасыл" аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына, сонымен қатар мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді.