Bugin

Мамин: "Экономикамыз төзімділік танытты"

Қазақстанда цифрлық экономика көлемінің бұрын-соңды болмаған өсімі байқалады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Асқар Мамин пандемия кезінде экономика мен цифрландырудың өзгеше қарқыны жайлы айтты. Бұл жайында Bugin.kz платформасы хабарлайды.

«Қашықтан оқу мен жұмыс қоғам әрекетін тұрақтандырды. Халықтың табысы мен өмір сүру деңгейінің тұрақтылығын цифрландыру жүйесі қамтамасыз етеді» деп «Digital Almaty 2021» халықаралық форумында мәлімдеді.

Демек, цифрлық экономика көлемінің өсімі байқалып жатыр.

«Сандық технологияларды экономика мен өмірдің барлық салаларына жеделдетіп енгізу пандемияның жағымсыз салдары үшін тежеуші факторға айналды. Пандемия жағдайында Қазақстан экономикасы тұрақтылықтың жеткілікті жоғары деңгейін көрсеткенін қуана атап өткім келеді, бұл көбіне сандық шешімдердің мемлекеттік және жеке секторлардың барлық салаларына енгізілуіне байланысты» деді Мамин.

2020 жылы электронды үкіметті дамыту бойынша БҰҰ рейтингісінде Қазақстан 193 елдің арасында 29-орынға тұрақтады.