Bugin
Жоспарланған жұмыстардан соң көктемде саябақ қайта ашылады
Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская онлайн-брифинг барысында Тұңғыш Президент саябағының қалай өзгеретіні жайлы мәлімдеді. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды.
Саябақты өзгерту жоспарланған. Іс-шараларға арналған аймақ қосып, көгалдандыруға назар аударылады.
«Саябақ маңызды рөл атқаратынын естен шығармау керек. Тек жақын тұратындар ғана емес, алыс аудандардан да адамдар ағылып келеді. Біз саябақты түрлі іс-шаралар өтетін аймаққа бөлеміз. Ауқымды реконструкция жүргізіледі.Келбеті өзгереді. Көгалдандыруды басты назарға қоямыз. Балалар, жасөспірімдер мен ата-аналарға арналған жер қосылады» деді Наталья Ливинская.
Саябақтың орталық бөлігіне су нашар түседі. Сол себепті соңғы уақытта жұмыс істемеген субұрқақты қайта құру жұмыстары жүргізіліп жатқанын айтты.