Bugin
Қазақстан 60% көрсетті
Global Times қытайлық басылымы сауалнама нәтижесін жариялады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
Мақсаты – Қытаймен мәдени байланысы бар елдердің қаншалықты ынтымақтастықты құптайтынын білу. Зерттеуге 12 елден 3334 респондент қатысты.
Олар: «Қытаймен өз еліңіздің арасындағы ынтымақтастықты күшейтуге келісесіз бе?» деген сұраққа жауап берді. Оң жауап берген:
1. Тайланд 80,7%
2. Индонезия 80,3%
3. Ресей 79,7%
4. Үндістан 78,3%
5. Украина 71,2%
6. Малайзия 70,4%
7. Сингапур 66,1%
8. Филиппин 66%
9. Оңтүстік Корея 64,8%
10. Вьетнам 61,2%
11. Қазақстан 60%
12. Жапония 45,3%
Орташа көрсеткіш – 66,8%.
Зерттеушілер Оңтүстік Корея мен Жапония Қытаймен байланыс орнату деңгейінің салыстырмалы түрде төмен екенін атап өтті. Бұл елдер Қытайға қарағанда еуропалық және американдық мәдениетке оң көзқарас танытады.