Авторлық ертегі

Мәнді махаббат – сәнді өмірге апарар тура жол

Махаббат – мөлдір сезім

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Махаббат – мөлдір сезім. Тұла бойымды кернеген тамаша әрі беймәлім сезім қолыма еріксіз қалам алдырды. Айнадай махаббат сезімі. Мен "махаббат" деп аталатын құс жүрегіме ұялаған жандардың бірімін. Сол себепті де мен бірін-бірі сүйіп, жарасып жүргендерді де, жүректері қалап тұрса да, тағдырдың тәлкегімен қосыла алмай жүргендерді де түсінемін.

Олардың басынан өткерген қуанышты сәттері мен мұңды мезеттері мен үшін жат емес. Бір нәрсені, біреуді жан-тәніңмен беріліп сүю, дүниеге көзқарасыңды өзгертіп, ойыңды нұрландырып жіберері сөзсіз. Ал кейде осы айтқандар теріс айналып түсіп, жайсыз сезімдерге бөлеуі де мүмкін. Мұндай кездерде махаббат алаңында өтіп жатқан ережесі қатаң ойындарға ұқсайтынын түсінесің. Бір жерден мүлт кетіп қателік жіберсең, ойының әлбетте сенің пайдаңа шешілмесі атқан таңдай ақиқат. Бірақ ойында тек ұтылып қана қоясың, ал махаббатта...

Баянсыз махаббат артында орны толмас сойқан із қалдырып, өзіне ғана тән шипасыз ғашықтық дертімен жүрегіңді жаралап кетеді. Ендеше осы жайттарды ескерсек махаббатты қатаң ойынға теңеу көңілге қонымсыз. Өйткені махаббат – ең нәзік, ең албырт, шықтай таза шынайы сезім. Ол ешқандай сорақылықты, сондырлықты, қателікті кешірмейді. Махаббат ешбір заңға бағынбайды да.

Бақытты болу үшін де ең бастысы – ғашықтық сезім. Шын сүйген жан ғана бақыт баспалдағымен көтеріліп қызықты өмір кешеді. Мәнді махаббат – сәнді өмірге апарар тура жол.