Денсаулық

Екпе салдырғандар маскасыз жүре ала ма?

Әзірге бетперде тағып жүргеніңіз абзал

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Онлайн-брифинг барысында денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов «Вирусқа қарсы екпе салдырғандар бетпердесіз жүре ала ма» деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Bugin.kz хабарлайды.

«Қалыпты өмірге оралу үшін халықтың кемінде 50%-ын вакциналау қажет. Жеңілдету шаралары жайлы шешім вакцинация аяқталғаннан кейін белгілі болады» деді Қиясов.

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният екпе салдырған адам коронавирус инфекциясын тасымалдаушы емес деп мәлімдеді.

Оның сөзіне сүйенсек: «Иммундық жүйе екпе салдырған соң 2 аптадан кейін және 2-рет егілгеннен соң 56 күн өткеннен кейін анитиденелер шыға бастайды. Сол себепті 2 апта ішінде басқа инфекция жұқтырмау мақсатында бетперде киіп жүруді ұсынамыз. Екі айдың ішінде адамда иммунитет қалыптасады» деп қорытты.