Weekend

«Таңдау үстінде жүрсеңіз, журналист болмаңыз!»

Танымал Ресейлік журналист, «вДудь» видеоблогының авторы әрі жүргізушісі Юрий Дудь «медианың өлгенін» айтқан. YouTube желісіндегі «Ағашты қалай сөйлету керек?» мастер-классында сұқбат алуға қатысты кеңесін беруі керек болды. Алайда, журналист сөзін шеберлік сағатына жиналған студенттерге журналистика емес, маркетингпен айналысуға үгіттеуден бастап, көпшілікті таңқалдырады.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

«Медиа өлімі»

Журналистерден тамаша маркетолог шығады. Кәсіпкерлер – жұмыс  орнына тәуелді, аз жалақыға жұмыс істейтін журналистердің құтқарушысы. Ал, журналистке дәулетті болу үшін оған жұлдыз болу керек. Басқаша мүмкін емес. Мұндай тәуекелден тұратын қадамды жасау қаншалық қажет? Арна, газет, сайттың ұстанған саясатынан, қойылған шекараларынан үніңізді еркін шығара алмай, тұншығасыз.  Ресей журналистикасының қаңқасы ғана қалды. Таңдау үстінде жүрсеңіз, журналист болмаңыз!

Негізі, сұрақты орынды қоя алу арқылы өмір сүруді жеңілдетуге болады. Сондықтан, дұрыс сұқбаттасуды өзіңіз үшін меңгеріп алыңыз.

«Ағашты сөйлету үшін...»

Дайындал! Кейіпкермен сұқбаттаспас бұрын оны зерттеп ал. Соңғы 1 жылда өмірінде не болғанын жатқа біл! Неғұрлым дайындығыңыз жақсы болса, соғұрлым өзіңізге сенімді боласыз. Сұрақтардың қойылу реті де маңызды. Өйткені, әңгіме  ол – психология. Алдымен сұқбат беруші өзін жақсы жағынан көрсетете алатын сұрақтар қой! Ешқашан бірден бас салма! Бірден «хардкор» болғанын ешкім ұнатпайды. Жабылып қалады. Алдымен, өзін қаһармандай сезінсін. Сосын, шабуылыңа кірісе бер! Кейіннен бастапқы бөлігін қиып алып тастауға мүмкіндігің бар.

Стереотиптен арылайық!

Телеарна, газет-журналдың бетінен түспейтін танымал адамнан алынған сұқбат міндетті түрде қызықты шығады деген қате пікір. Кейіпкер таңдау өте маңызды. Айтары бар адам таңда. Жұлдыз болғаны үшін шақыра салма. Сұқбат алуыңа қандай да бір себеп болсын. Егер, жаңа ақпарат ала алмасаң уақытым мен еңбегім текке кетті дей бер. Сұқбат берушіні тұқыртқан, оның масқарасын әшкере ете алған сұқбат қана керемет деген стереотиптен арылған жөн. Сырттан қарағанда екі иттің арылдасқанындай болмасын. Журналистің міндеті - тартымды сұқбат жасай білу. Жұртты баурап алғың келсе, кейіпкер өз оқиғасын баяндап берсін. Бұл  - міндетті түрде есте қалады. Бірсарынды сұқбат 1 аптадан соң-ақ ұмытылады. Кейіпкеріңнің даулы тақырыптары болса, айналып өтпе. Қысқа, әрі түсінікті жауап ал. Аудиторияның жадына сақтап қала алмайтын ұзақ сөйлемнен монтаждың көмегімен арыл.

Журналист  даяшы

Даяшы сияқты елгезек бол! Үстелден құлап бара жатқан шанышқыны ұстап қала алатындай ширақтық керек. Тек, сұрақ қой. Кейіпкерді де, аудиторияңды да артық мазалама. Сұраққа қатысты сенің көзқарасың ешкімге маңызды емес. Қанша жерден танымал болсаңыз да, сұқбат берушіден көп сөйлемеңіз.

 «Тым пысықсынба!»

Газет-журнал үшін жазылған сұқбатта кейіпкердің образын бұзбаңыз. Тұрғылықты жеріне тән диалект айтса, қосыңыз. Жаргон сөздерін де алып тастаудың қажеті жоқ. Материалды оқығанда сол адамның өзі  сөйлеп тұрғандай әсер сыйлауы керек.

«Ютубқа келіңіз!»

Ютуб арнаңызды ашыңыз. Ютубқа келу кеш деп ойлау – қате. Үлгересің!