Денсаулық
Уақыт өте келе әйел адам тері күтіміне аса мән бере бастайды. Бірақ кей жағдайда жастықтың кете бастағанын сезінеді. Тіпті өкініп қалатындай жағдайларда кездесіп жатады.
Болашақта өкінбес үшін дәл қазір жас қалпыңызды ұзартатын 9 кеңесті қарап шығыңыз:
1. Егер асқазан жақсы жұмыс істесе,көтеріңкі көңіл-күй,беттің,терінің түрі жақсарып,жылтырап тұрады;
2. Адам өзін-өзі күтуі керек: жиі жуыну, бұлау қабылдау қажет. Дұрыс дем ала білу, таза ауамен демалу жас қалпыңызды сақтайды;
3. Көктемде әр адам мына шөптерді жинап алуына мүмкіндігі бар:бақбақтың жапырақтары бірдей мөлшерде алып,жақсылап жуып,түнге қарай үстін ғана жабатындай етіп суық су құю керек.Таңертең жапырақтарды таза шүберекке салып,сығып алып,оған аздаған лимон шырын,бал қосып,осыны аз-аздап кешке дейін ішеді.Өте көп шөпті ысырап етіп жинап қажеті жоқ,күніне бір суын ішуге жарайтын ғана алу керк,өйткені кепкен жапырақтың пайдасы аз;
4. Жапырақтар табылмаған кезде қыста,күзде таңертең күніне ашқарынға 1 шәй қасық лимон шырынын,1шәй қасық ысытылған бал мен 1 ас қасық зәйтүн майын араластырып ішу керек;
5. Көктемде қайыңның шырынын,сонымен бірге қайыңның жас жапырақтарынан шәй ішу керек;
6. Көктемде,бір ай бойы,күніне бір бөтелке ірімшіктің сары суын ішіп,майлы тамақтарды жемеу керек,ішімдіктерді,кофе мен қантты пайдаланбау керек;
7. Аптасына бір рет 1 стақан сүтке қайнағанда сарымсақтың екі бөлігін аршып салып,қайнай сала оттан алып,10 минуттан кейін ішіңіз;
8. 2 ас қасық түйежапырақты ұстаып,1 стақан қайнаған суға тұндырып 1 сағатқа қойып,артынан сүзеді.Осымен бетті үнемі жуып отырса,беттегі әжімдер жазылады,тері жасарады.Осы тұнбаны ыстық күйінде бетке басып,1-2 минуттен кейін басқа ыдыстағы суық суға салып,оны басып,3-4 рет ыстық пен суықты ауыстырып отырады.Суық сумен артынан бетті шаю керек;
9. 350 г сарымсақты тазалап жуып,ұсақтап,ағаш қасықпен езіп,200г түбіндегі сұйық сөлін алып,шыны ыдсқа салып,мықтап жауып,салқын және қараңғы жерде 10 күн сақтайды.Кейін осыны қалың матамен сүзіп сығады,2-3 күннен кейін емді бастауға болады.Күніне тамшылап стақанның ¼-індей сүтпен ішеді.