Bugin
Жатарда жарты сағат жылы бұлау қабылдайды немесе аяқты ыстық суға салу керек. Дәл осындай 15 кеңесті түртіп алыңыз.
1. Жатарда жарты сағат жылы бұлау қабылдайды немесе аяқты ыстық суға салу керек. Егер ұйқысыздық қаны аздықтан болса,онда ыстық су құйған бөтелкелерді не жылытқышты аяққа басады;
2. Жатарда ыстық бал қосқан су не ыстық сүт ішеді;
3. Ұйықтар алдында таза ауада жарты сағат жүру керек;
4. Жастық астына қайыңнан жасалған сыпырғы қояды;
5. Жемістер мен көкөністердің шырынын ішсе,ұйықтар алдында пияз жесе жақсы ұйықтайды;
6. Оң бүйірге жатып,оң қолдың алақанын маңдайға,сол қолды желкеге басып 100-ге дейін санау керек;
7. Аскөктің ұрығын не көгін 1 үлкен қасықты 300г қайнаған су құйып тұндырып,1-1,5 сағаттан кейін күніне 3 реттен 100граммнан ішеді;
8. Шалқанның ұсақталған жемісінен 2 үлкен қасық алып 1 стақан қайнаған сумен 10-15 минут қайнатып жатарда соны ішеді;
9. Ұйқыңыз терең болады,егер жатарда орман қазтамағының жапырағын қолға алып,езіп иіскесе жайлы жатып,жақсы тұрады;
10. Жиі суық су ішеді және суық суды басқа қояды,әлсіз адамға 100 грамм шарап не иісті шөптерден шай ішсе,киікотынан,қырмызыгүлден,жалбызбұрыштан,сонан соң,төсекте жатып,кітап оқу керек;
11. Жатарда басты солтүстікке қаратып жатады;
12. Жастық астына жатарда 1 құлмақ қояды;
13. Маңдайды таза матаға басып,қышқыл айран қосқан таза батпақ байлайды;
14. Жатарда ыстық бал қосылған су не сүт ішуге болады,бірақ шай ішуге болмайды;
15. 2 ас қасық жалбызбұрышқа 2 стақан қайнаған су құйып,тұндырып,күніне 2 рет жарты стақаннан ішеді.Сонымен бірге құлмақпен жастық істесеңіз,бастың ауру да,ұйқысыздық та қорқынышты емес.