МӘДЕНИЕТ

«Серке» газетінің жабылуына М. Дулатовтың мақаласы себеп болған

1907 жылы Шәймерден Қосшығұловтың басқаруымен ,Хажы Ибрагимовтың редакторлығымен Ресейдегі революция қарсаңында жарық көрген «Серке» газетінің ғұмыры қысқа болды. Оған себеп — газетке М.Дуловтың «Біздің мақсатымыз» мақаласының жариялануы еді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мақаланы оқып қарасаңыз саяси астарының отарлық езгіге қарсы екенін аңғаруға болады. Ресей империясының ғасыр бойы елімізді қанап, өздерінің жымысқы әрекеттерін жылдар бойы үздіксіз іске асырып отырғаны жайында сөз етеді. Шынында екі ғасырға жуық қазақ елі Ресей күрмеуінде бұғауланып өмір сүрді. Ресей билігінің қазақ еліндегі бар байлықты жиып, қанауының салдарынан халық аштықтан қырылды. Сай сүйекті шымырлатып, күйзелткен ауыр ахуал кезінде ел үшін жанын пида еткен біртуар азаматтарымыздың батыл қадамдары бізді түптің-түбінде тәуелсіз қазақ елі етті.

Сондай-ақ мақалада автор Ресей билігінің ашкөз, қомағай екенін астарлап көрсетеді. Өздерінің байлықтары, жерлері бола тұра біздің елдің табиғи байлығына көз тігіп, мұжықтарын жер аудартатынын айтады. Тіпті Ресейдің бай-шонжарлары, чиновниктерінің қазақ елінің табиғи байлығына ғана емес, салт-дәстүріне де  араласып, діни кітаптарын тұтқынға алғаны жайында  да айтады. Мақалада М.Дулатов Ресей әкімшілігі енгізген дала сотының әділетсіз тұстарын сынайды. Дала сотының шешімімен жазықсыздан қаншама азаматтың ату жазасына кесіліп, дарға асылғанын, мыңдаған ерлердің  абақтыда отырғанын күйінішпен жазған.

Сондай  ахуал кезінде Думада халықтың жиналып, патша қарамағындағы жерлерді жоқтыққа ұшыраған миллиондаған халыққа бөліп беру керектігін талқылайтын басқосулардан патша үкіметінің   сескеніп, таратып  жіберетіні туралы да айтылған.

Байқап қарасаңыз Ресейдің қазақ елінен үнемі сақтанып «Серке» газетін жабу сынды әрекеттер жасауы, ұлы держава бола тұра үнемі безек қағып біздің елді бақылауда ұстауы  «Ресейдің Қазақ елінің ұлылығын білгенін, Қазақ елінен біршама қорыққанын» аңғартады. Ресей патшайымы ІІ Екатеринаның  өзі «Қазақ елін түп-тамырымен жою керек. Жойғанда да сондай өздерінің кімнен тарағанын білмейтіндей етіп. Қазақтар өздерінің кім екенін білсе, әлемді жаулап алады» деп біздің елдің ұлылығын мойындаған. Әр заманда да Ресейге қарсы қарулы күреске бастайтын азаматтарымыз болды. Ресей билігі М.Дулатовтың «Біздің мақсатымыз»мақаласының осындай таптық күреске апарытынын сезіп, «Серке» газетін жалған жала жабумен жаптыртқан деп топшылауға болады.

Қысылтаяң шақтардың өзінде қазақ баспасөзінің батыл қадамдары, «қара қылды қақ жаратын»әділдігі  еріксіз жүректі тебірентеді.Жаһандану заманындағы  бүгінгі БАҚ саласы әрине әдепкі баспасөзге қарағанда  біршама қауқарсыз.БАҚ туралы заңда «журналистің кез –келген ақпаратты  алуға,таратуға құқығы бар», «Цензураға жол жоқ» деп айтылса да  отандық телеарналар ақиқаттың астарын көп айта бермейді.Жанат Бақыт,Ербол Мәндібек сынды журналистердің шындықты айтқаны үшін  жұмыс орнынан айырылғандығы мәлім. Қасым Аманжол басқаруындағы «Азаттық радиосы» шындықты турасынан айтып жүрген арнаның бірі. Дегенмен биліктің сойылын соғушы жандайшап журналистер саны да аз емес.