Bugin

Байден: Мен Си Цзиньпинді жақсы танимын

Мен Трамп емеспін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай – бізге дұшпан емес, бәсекелес. АҚШ пен Қытай арасындағы қарым-қатынас бұрынғыдан, Трамп басқарғаннан жақсарады. Бірақ "достасамыз" деуге әлі ерте. Осылай деп мәлімдеді президент Джо Байден CBS News-ге берген түсініктемесінде.

Оның айтуынша, Бейжіңмен қалай "әңгімелесу" керегін Байденнің өзі шешпек. Өйткені Си Цзиньпиннің айтары барын анық біледі.

"Арамызда дау-дамай болмау керегін талайдан бері айтып жүрмін. Бірақ бәсекеден қаша алмаймыз. Бұл – заңдылық.

Мен Трамп емеспін. Әрі Трамп сияқты Қытаймен жауласпаймын да. Халықаралық ережеге сүйеніп, әрекет етеміз", - деді Байден.

Бір қызығы, Байден вице-президент қызметінде жүрген кезде дәл осы Си Цзиньпиньмен көп жұмыс істеген екен. Сондықтан қытай басшысының мінез-құлқы мен ойын жақсы білетін көрінеді.

"Онымен 24-25 сағат жеке сөйлескенмін. Сондықтан оны жақсы танимын", - деді тағы да Байден.

Айта кеткен жөн, қазір Вашингтон билігі Қытаймен қарым-қатынасты реттеуді алдыға жылжытып, күн тәртібінде мәселеге айналдырып отыр.