Қазақстан жаңалықтары

Жүргізуші жеке куәлігін ұмытса қандай шара қолданылмақ?

Жаңа заң шетелдік көлікті тізгіндегендер мен шетел азаматтары үшін жарамсыз

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2021 жылдың 13 ақпанынан бастап көлік жүргізушілер жүргізуші куәлігінсіз жүре алады. Алайда жеке куәлікті өзімен алып жүру міндетті. Ішкі істер министрлігі бұл шартты орындамаған жағдайда қандай шара қолданатынын хабарлады. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтің айтуынша, "Негізі, адам өз құжатын алғаш рет үйде қалдырып кетсе, ондай жағдайлардың 95 проценті ескерту берумен аяқталады. Ал он күннің ішінде осы тәртіп бұзушылық қайталанса, 5 айлық есептік көрсеткіш  көлемінде айыппұл салынады" деді Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов.

Жүргізуші өз құжаты жоқ болған жағдайда көліктің өзіне тиесілі екенін дәлелдей алмайды. Мұндай жағдайда көлік айыппұл тұрғына қойылады. Егер жеке куәлік болмаған жағдайда төлқұжатты өзімен алып жүру міндетті.