«Гарвард философиясы»: Міндетіңіз дәлелдеу емес, өзгерту

Қазақстан мен Америкада білім беру жүйесінде айырмашылық жоқ. Бірақ мамандар неге сапасыз? Елің үшін емес,әлем үшін қызмет ет! «Гарвард философиясы» дегеніміз не?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Білім беру индекс сапасы бойынша әлемде бірінші орында Германия мемлекеті тұр. Айды аузына қаратқан АҚШ мемлекеті бұл тізімде он екінші орын алады. Алпауыт компаниялар мен digital платформалар құраған мемлекет білім сапасымен алға шықпады. Бұл тізімде Қазақстан отыз сегізінші орында, анау айтқандай артта қалмадық. Бірақ әлем телмірген әлеуметтік желіміз,отандық көлігіміз жоқ. Өз Цукербергіміз бен Илон Маскымызды отыз жыл күткеннен нәтиже шықпады. Осы отыз жыл ішінде 13 білім министірі ауысып, қаншама реформа жасалды, нәтижесі көз алдымызда.

Мәселе бір ауыз қанатты сөзде :"Сенің қолыңнан бәрі келеді". Әлемді өзгерт, әлемге пайдаң тисін. Бұл естісі мен есеріне сіңірілген қағида. Бір қала, штат, мемлекет емес, күн тәртібінде әлемге деген қызмет. "Айды көзде жетпесең жұлдыздар арасында қаласың" деген тенденция осыдан қалыптасқан. Білім сапасын,ұлттық идеология ауыстыра алады және нәтижесін береді.

Енді қарапайым, сонымен қатар, тиімді «Гарвард философиясына» келейік.

Қай университеттен білім алдың деген сұраққа Гарвард түлектерінен жауап алу қиын. Себебі,олар "АҚШ-та жоғарғы білім алдым" немесе "Кэмбридж қаласының университетін тәмамдадым" деп қысқа қайырады. Неліктен Гарвард түлектері іргетасы 1636 қаланған, АҚШ-тың 8 президенті және 150 Нобель лауреаты шыққан қара шаңырақтың студенті екендігімен мақтанбайды.

Бұл жерде жәй ғана Гарвард философиясы жатыр. Қысқаша айтсақ  жыл сайын түлектермен қоштасу дәрісі өтеді. Тақта алдында тұрған профессорлар студенттеріне  жылдар бойы берген білімін бір сөзбен қортындылайды. «Елге оралған соң сіздерден сұрайтынымыз Гарвард университетін тәмамдадым деп дипломмыңызды ала жүгіріп жарияға жар салмаңыз. Себебі сіздің міндетіңіз әлемге дәлелдеу  емес, әлемді өзгерту, сол үшін біз осында бас қостық».

Ал лекция соңы «әлемде қаншама сұрақ бар,біз берген білімнің нәтижесі сол сұрақтарға жауап беру үшін емес, сол сұрақтарды қою үшін берілді» деп аяқталады.

Қазіргі қоғамда білім емес, білім алуды қуалау тенденциясы қарқын алып жатқанда Гарвард сияқты оқу орындарының философиясы аудай қажет-ақ.