Білім және ғылым
Алмас Маратұлы есімді журналист, блогердің инстаграм әлеуметтік желісі парақшасында жариялаған жазбасы көпшілік оқырманның пікірталасына ұласты
Журналист «ҚазҰУ? СДУ? UIB?» атты бірер күн бұрын жариялаған жазбасында:
"ҚазҰУ – альма-матер, ҚазҰУ – қарашаңырақ, ҚазҰУ – бренд" деп бұл универді аспанға шығарып тастағанбыз",- деген екен. Жазбаға сенсек әрмен қарай әр жылдары оқу орнында басшылық қызметін атқарған жандардың тұсында болған даулы оқиғалар, сыбыстар мен түйіткілді жайттар қозғалады.
«ҚазҰУ-ға жас басшы келуі тиіс еді. Себебі ҚазҰУ СДУ мен UIB- ден бірнеше критерий бойынша артта қалып қалған» деп Алмас Маратұлы өз жазбасын аяқтаған.
Жазбаны оқыған оқырман қауымның ойы екіге бөлінді. Бірі толықтай келісемін десе, енді бірі өз наразылығын танытып жатыр. Айта кетсек, жазба авторының өзі дәл осы ЖОО-да «Журналистика» факультетінде оқыған екен. Бұған оқырмандар: «Су ішкен құдығыңызға түкірмеңіз ағасы...» деген пікір білдірді. Тіпті, пікір білдірушілер арасында Алмас Маратұлымен бірге ҚазҰУ-да оқыған белгілі журналист, тележүргізуші Диана Скатова да бар.
«Шалғайдан арман қуып келген менің ''ожиданияларыма'' сәйкес келмегенін мен бірден түсінбеппін. Бәлкім көп дос пен белсенді студенттік өмір болған соң, ақталмаған үміт жайлы ұмытып кеттім. Мүмкін грант болған соң да бас қатырмадым, себебі ҚазҰУ- дағы оқу ақысы өте қымбат, тым қымбат»,- дейді журналист, тележүргізуші Диана Скатова.