Білім және ғылым
Бүгінде күнделікті өмірде пайдаланып жүрген мақалдардың нағыз авторларын білетін бе едіңіз? Мәселен, мінезі әртүрлі туған бауырдарды көрсек, "Бес саусақ бірдей емес" дейміз
Ендеше осындай мысалдардың бірнешеуіне тоқталып өтейік:
"Көп күлген бір жылар". Авторы — Жүсіп Баласағұн.
"Әр нәрсенің шегі бар". Авторы — Жүсіп Баласағұн.
"Тіл қылыштан да өткір". Мектеп қабырғасында жүргенде мұғалімдер тіл туралы мақал сұрай қалса, қай-қайсымыздың болсын есімізге түсетіні — осы бір асыл сөз. Авторы — Жүсіп Баласағұн.
"Бес саусақ бірдей емес". Мұны естімеген жан жоқ шығар. Ал авторы — Махмұт Қашқари.
Сондай-ақ "Көзден кетсе көңілден де кетеді", "Жылқы кісінескенше,адам сөйлескенше", "Ер шекіспей, бекіспес" деген сынды мақалдардың да авторы — Махмұт Қашқари.
"Басқа пәле тілден". Әрине, екінің бірі білетін мақалдың бірі. Авторы — Жиренше.