Bugin

Еуропаның үш мемлекеті Ресей елшілерін елден қуып шықты

Достыққа жат

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Германия, Швеция мен Польша мемлекеттері бір күнде Ресейдің үш бірдей елшісін елден шығарып жіберді. Мұндай лауазымды тұлғаға нон грата персонасы, яғни, сенімсіз лауазым иесі деген "атақ" берілді. Бұл жайлы ведомства өкілдері Twitter-де жазды.

Ал Ресейдің Сыртқы істер министрі Мария Захарова еуропа елдерінің бұл ісін "негізсіз", "достыққа жат" деп бағалады.

"Мұны біз мемлекеттік ішкі ісіне араласу деп білеміз", - деп мәлімдеді Захарова.

Айта кеткен жөн, бұған дейін Ресей билігі аталмыш үш елдің елшісін бірінші боп шығарып жіберген. Бұған Германия Ресейге санкция салатынын мәлімдеген, неміс елшісін елден шығарып жіберсе, швед елшісін митинг боп жатқан алаңға келді деп айыптап елден қуып шыққан.