Bugin
Ресей билігін әлсірету үшін
Армения қорғаныс министрі француз елшісімен кездесті. Кездесу барысында Францияның Арменияға әскери көмек көрсетуге дайын екенін білдірді. Бұл жайлы News-r.ru хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, Франция ресей билігінің кавказ маңындағы күшін әлсірету үшін осындай қадамға барып отыр. Кейбір деректерге қарағанда, француз тарапы Арменияға өзінің бейбітшілік әскерін жіберуі мүмкін.
Бұл әскери күш Әзірбайжан мен Түркияның Арменияға қысым көрсетуіне қарсы тұрмақ.
Қазіргі кезде Таулы Қарабақта Ресейдің бейбітшілік әскері орналасқан. Ол үшжақты келісімге сай 5 жыл бойы сонда болуы тиіс.