Қоғам

Ресей вакцинасын Еуропаға таратпақ

Ресейдің "Спутник V" вакцинасын әлемнің 25 елі қолдануға рұқсат алған

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ресей ойлап тапқан вакцинасын Еуропалық Одақ елдеріне таратуға мүдделі. Осы мақсатта Еуропаның дәрілік заттар агенттігіне өтініш түсірді. Бұл туралы Интерфакс жазды. 

Ресейдің тікелей инвестициялық қоры "Спутник V" вакцинасын Еуропа елдеріне де тарату жөнінде ЕО-ға өтініш берді.

"Өтінішті дәрілік заттар жөніндегі Еуропалық агенттікке жібердік. Қазір талдаудан өтіп жатыр. Оны қабылдау не қабылдамау агенттіктің еншісінде", - деп хабарлады Н.Ф.Гамалей атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы. 

Айта кетейік, Ресейдің "Спутник V" вакцинасын әлемнің 25 елі қолдануға рұқсат алған. Оның ішінде Еуропаға жақын Белорусия, Сербия, Венгрия сынды елдер бар. Қалғаны —  ТМД, Оңтүстік Америка мен Иран және Африка елдері. 

"Спутник V" препараты - адам аденовирусын зерттеу негізінде ойлап табылған әлемдегі алғашқы вакцина. Қазір бұл Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) тізіміндегі ең жақсы кандидаттық вакциналардың ондығына кіреді.