Қазақстан жаңалықтары

"Салық қызметкерлері жалақының аздығынан ақша жымқырады"

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың жемқорлыққа бейімділіктің себебін айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Мемлекеттік кірістер қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа бейім болуына жалақының аздығы себеп болған. Бұл туралы 9 ақпанда өткен үкімет отырысында қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. 

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі мемлекеттік кірістер қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлыққа бейім болуына жалақының төмендігі, олардың әлеуметтік тұрғыдан қорғалмағандығы себеп деп есептейді. Осыған байланысты базалық жалақыға үстемақы бар сыныптық шендерді енгізу және бірыңғай нысанды киім-кешек енгізу ұсынылады. Бұл шаралар біліктілігі жоғары кадрларды сақтауға, сабақтастықты қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге, сондай-ақ мемлекеттік кірістер органдарының мәртебесін арттыруға мүмкіндік береді" деді Жамаубаев.