Bugin

Халықаралық ұйым: Қытай – ең жауыз ел

Репрессияның небір құйтырқы түрін қолданатын мемлекет

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Халықаралық Freedom House ұйымы Қытайды әлем елдерінің арасында ең жауызы деп атады. Бұған шетелде жүргізген репрессиялық әрекеттері себеп болған. Бұл қатарда Ресей мен Әзірбайжан да бар екен. Бұл жайлы Eurasianet хабарлады. 

2021 жылы 4 ақпанда Freedom House авторитарлы мемлекеттердің шетелде жасаған қорлығы мен өзіне қарсыларды басып-шаншу саясатының әдістері жайлы баяндама жариялады. Аталмыш баяндамада ең құйтырқы және жауыз саясатқа көп баратын ел – Қытай деп көрсетілген.

Мәселен, Қытай шетелдегі дұшпандары мен өз территориясында бас көтерген, қарсы шыққан жауының көзін құрту үшін ұрып-соғу, зорлық-зомбылық көрсетуден бастап шпиондық бағдарлама арқылы барлау жасап, ізін кешу сынды құйтырқы әрекеттің бәріне барған.

"Қытай – бәрін құрту мен қиратуды ғана ойлайтын, жауы мен қырын қараған қарсыластарының бәріне ғаламдық трансұлттық репрессия жүргізіп отырған жалғыз ел", - делінген баяндамада.

Қытай үкіметінің қазіргі нысанасы мен құрбаны – мұсылман халықтары. Шыңжаң аймағын басып-шаншу үшін бәрін жасауда. Жүз мыңдаған мұсылманды түрмеге – тәрбие лагеріне қамап, адам құқығын өрескел бұзуда.

"Қытай, тіпті, шетелге қашқан ұйғырлардың өзін аман жібергісі келмейді. Түркия мен Орталық Азияға бас сауғалаған ұйғырларды Шыңжаңдағы туыс-туғаны арқылы қысым көрсетіп, сырттан репрессия жүргізуде. Шетелдегі босқындардың ауызын жабу үшін туғанын бопсалауды әдетке айналдырған", - делінген баяндамада.

Сондай-ақ, қытай үкіметі Шыңжаң мен шетелдегі қашқындарды ұстау мен бақылау үшін сандық технологияны ұтымды пайдалануда. Мәселен, 2019 жылы Тәжікстанға қашып барған екі баласы бар ұйғыр жанұясын тәжік билігін бопсалап, Шыңжаңға депортациялаған.

"Қытай ұйғырларға қарсы шпиондық компьютерлік және сандық бағдарламасын пайдаланып, Азиядағы телекоммуникация желілерін бұзып, бәрін аңдауға көшкен", - делінген баяндамада.