Әлем жаңалықтары

Вирус Уханнан шықпаса, қайдан шықты?

Уханға барған ДДСҰ сарапшылары вирустың қалай шыққанын анықтай алмады

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары коронавирустың қалай пайда болғанын анықтай алмады. Олар арнайы зерттеу үшін Ухан қаласына барған болатын. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Миссия басшысы Питер Бен Эмбарек коронавирус жануардан адамға қандай да бір тізбек арқылы берілуі мүмкін деген ғана шындыққа жақынырақ деп хабарлады. Ол "вирус суықта қатырылған азық-түлік арқылы да жұғуы мүмкін" дейді. Бұрын да Қытай билігінің өкілдері осы нұсқаны айтқан еді.

ДДСҰ сарапшылары бұрын айтылған "вирус зертханадан шықты" және "вирус жарқанаттан адамға тікелей берілді" деген гипотезаны "екіталай" деді.

Коронавирусқа ұқсас вирустар бұған дейін жарқанат пен панголиннен анықталған. Алайда нағыз аталмыш дертті туғызған коронавирус әзірге табиғаттан табылған жоқ.

Бұған қоса сарапшылар "коронавирус алғаш рет Ухандағы "Хуанань" базарынан табылғанына дәлел жоқ" деді. ДДСҰ өкілдері коронавирустың адамға тарауының себебін анықтауға көп жыл кетуі мүмкін деп санайды.

Айта кетейік, 2019 жылы желтоқсан айында Қытайдан коронавирус тарады. Бүгінде бұл вирус 100 млн адамға тарап отыр. Ал Қытайда оны жұқтырғандар саны аз.