Қазақстан жаңалықтары

Пандемияның пайдасы: Ажырасу саны күрт төмендеді

Пандемия кезінде Қазақстанда ажырасулар саны 3 есеге азайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

2020 жылдың үшінші бөлігінде елімізде 87,6 мың неке мен 17,3 мың ажырасу тіркелді. Көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 2,6 есе азайған. Бұл туралы Bugin.kz платформасы Ranking.kz-ке сілтеп хабарлайды.  

BBC News-тің хабарлауынша, 2020 жыл әлемдік ажырасу көрсеткішін өзгерткен. Мәселен, Ұлыбританияда  жыл сайынғы ажырасулар саны 20 пайызға артқан. 

2020 жылы қаңтар-қыркүйектегі ажырасу мен неке саны 19,8 пайызды көрсетіп, ең төменгі рекордтық көрсеткіш орнатты. Ал 2019 жылы 43,5 пайызды құрап, ең жоғарғы көрсеткішке ие болған еді.  

Ажырасулардың 73,4 пайызы қалаларға, ал 26,6 пайызы ауылдық жерлерге тиесілі. Екі елді мекенде де ажырасулар саны жылына 2,6 есеге қысқарған.

Көрсеткіштің ең жоғарғы нәтижесі Шымкентте (-27,4 пайыз), Қостанай облысында (-19,8 пайыз) және Алматыда (-18,3 пайыз) байқалды. Нәтиже аз байқалған өңірлер: Қызылорда (-10,2 пайыз), Павлодар (-10,5 пайыз) және Түркістан (-11 пайыз) облыстарында тіркелген.

 

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61