Bugin
Құрылыс біте ме, жоқ па?
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Күлгінов жеңіл рельсті темір жол көлігін салу үшін қаржы табылғанын айтты. Құрылыс жалғасатын болды. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Астана халқымен кездесуде әкім LRT жобасы ары қарай жалғастыруға мүмкіндік туғанын айтты. Оның айтуынша, қазір банктер бұл жобаға қаржы құюды бастады.
"Астана жұрт LRT-ның салынар-салынбасын білгісі келеді. Пандемия кезінде құрылыстың тоқтап қалғаны белгілі. Өйткені халықаралық банктер мен еліміздегі банктерді аталмыш жобаға тарту керек болды. Қазір бұл жұмыс жанданды, банктердің қаржы аударуы қалды. Иә, бітпеген құрылыс қала көркін бұзып тұрғаны белгілі. Оның үстіне, көп қаржы құйылды. Сол себепті оның тоқтап қалғаны дұрыс емес. Қазір банктермен инвестиция тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде", - деді Күлгінов есеп беру кездесуінде.
Айта кеткен жөн, бұған дейін қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қытай мен араб елдерінен инвестиция тарту бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтқан.
Контекст
Астана қаласында жеңіл рельсті транспортты салу 2011 жылы басталған. 2020 жылы жазда аяқталады деп жоспарланған. Алайда құрылысқа бөлінген қаржы талан-таражға түсіп, құрылысты аяқтауға қаражат жетпей қалды.
Ал 2019 жылы президент Қасым-Жомарт Тоқаев LRT-ге бөлінген қаржыны кім жымқырғанын табуды, қылмыстық іс ашуды тапсырған. Мемлекет басшысы LRT-ны салудың өзі экономикаға пайдасы жоқ іс деп атаған.
Ал 20 қазан күні Астана LRT қаржысын жымқыру бойынша сот ісі басталып, 7 адам қамауға алынды.