Қоғам
Мамандық таңдауда қиналып жүрсіз бе? Шешімін іздеп көрейік
Өмірдегі ең маңызды қадамдардың бірі – өмірлік жолды дұрыс таңдай білу. Ал ол жол қызығушылықтардан оянатыны сөзсіз. Көп жағдайда мамандық таңдау қиынға соғып жатады. Ал ймен сіздерге мамандықты таңдауға көмек берер 5 әдісті көрсететін боламын.
1. Ата-ана пікірі. Мамандық таңдауға келгенде ата-ана пікірі өте маңызды. Ата-ана баласына не керек екендігін білгенімен, кей жағдайда ол дұрыс шешім болмауы да мүмкін. Сондықтан келесі әдістерге тоқталайық.
2. Хобби. Сіз қай іске қызығушылығыңыз жоғары болса, сол дүние сіздің болашақ мамандығыңыз болуы ғажап емес.
3. Психологиялық тесттер. Өзіңіздің мінезіңіз жайлы тест тапсыру арқылы қай мамандық сізге лайық екендігі көрсетіледі. Бұндай тесттер ғаламторда жетерлік.
4. Мектептегі пәндер. Сіз оқушы болсаңыз, сізге міндетті түрде бір пән басқаларға қарағанда өзгеше қызығырақ көрінеді. Сол пәннің айналасында болашақ мамандығыңыз жасырынып жатуы әбден мүмкін.
5. Қиял. Кез-келген адамның ойында «мынандай болсам екен» деген ой жүреді. Сол ой шын мәнінде сіздің қалауыңыз болып табылады.
Осы әдістердің кем дегенде біреуі сізге көмек бере алады деп ойлаймын. Барлықтарыңызға дұрыс әрі тұрақты шешім тілеймін!