МӘДЕНИЕТ

Батыр тұлға Бауыржан

Бауыржан Момышұлына арнау өлең!

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Халқымыздың маңдайына біткен бақ тұрақ,
Жыр арнайын шын жүректен жақсылап.
Қатал мінез қолбасшы деп айтқанша,
Даңқты ердің дарасы деген жақсырақ.

Айналар ол қаруымен батырға,
Қаламымен сыр ақтарар ақынға.
Еш ұмытпас бүкіл әлем бір сені,
Өзің сүйген, өзіңді сүйген халқың да.

Ойшылдығы әр сөзінен байқалар,
Тұлға емес-ті жаудан қашып тайсалар.
Өне бойда тұнып тұрған батылдық
Кездесер ерде, жеңіспенен қайталар.

Өмір жолы-сұрапыл соғыс жылдары,
Сынып қалды өмір берген сындары.
Ақылменен берген әрбір бұйрығы
Жауынгердің рухына берген шын дәрі.

Шымырдан шыққан Шаңтимес ұлдың ерлігі,
Жеріміздің кеңдігі мен еліміздің теңдігі.
Отан үшін отқа түсіп,жан беруден тайсалмай,
Ер атанды елі үшін қасқыр мінез қайсардай.