Қоғам
Қамқорлық - адамгершіліктің белгісі
Адамның бойында болуы тиіс қасиеттердің жалпы атауы «адамгершілік» деп аталады. Адамгершілігі мол адам ешқандай адамшылыққа жат дүниелерді жасамайды және ойламайды. Барлығымыз білетіндей адалдық, имандылық, мейірімділік, кішіпейілділік, қамқорлық, шыншылдық сынды жақсы қасиеттер әр адамның бойында кездесе бермейді. Осындай қасиеттері бар адамдарды құрметтей білуіміз қажет деп ойлаймын.
Осы бір жақсы қасиеттердің арасынан қамқорлыққа көбірек тоқталғым келеді. Себебі өзінен бөлек өзгенің қамын ойлап жүретін адамдар азайып кеткен. Бұған себеп эгоизм деп ойлаймын. Өзімшілдік адамды қарапайымдылықтан, сондай-ақ қамқорлық пен мейірімділіктен айырады.
Бала кезден естіп өсетініміз «Бауырларыңа қамқор бол» деген жылы сөздер. Бұл сөздерді ата- анамыз бір-бірімізге жанашыр болып өсуіміз үшін айтып жатады. Қамқорлық – жақын адамдарына деген сүйіспеншілік пен мейірімділік.
Қазіргі таңда індет салдарынан көп адамның денсаулықтарына зақым келуде. Осындай қиын-қыстау заманда бір-бірімізге қамқор болудан артық жақсы нәрсе жоқ деп ойлаймын. Қамқорлықты ең алдымен өз отбасыңнан баста!