Қоғам

Димаш Қазақстаннан көшпекші

Бұл туралы берген сұқбатында айтты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген шығармашылығын дамыту мақсатында АҚШ-қа көшкелі отыр. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.

Әнші MTV USA бағдарламасына ағылшын тілінде сұқбат берді. Кевин Кеннимен сұхбатының үзіндісін Димаш өзінің Instagram парақшасында жариялады.

Әнші сұқбатта жанкүйерлерінің қолдауы мен ата-анасының қуанышы оны қаншалықты шабыттандыратыны жайлы айтты. Одан бөлек Қытай халқының оған деген қарым-қатынасын да сөз етті.

"Менің қытайлық жанкүйерлерім өте мейірімді және қамқор", - деді әнші.

Сонымен қатар, Димаш Құдайберген шығармашылығын одан әрі дамыту үшін уақытша АҚШ-қа көшуді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.