Travel

Қия-шатқалда көмусіз қалғандар кімдер?

Жанкешті альпенистер ақиқаты

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ғасырлар бойы бет-бейнесі өзгермей жатқан тұмса табиғат. Сең де мұздақтар да жер-көкті көлдетіп жатыр. Альпенистің тауға деген махаббатына жауын да дауыл да кедергі емес. Шың бедері көкті тірейді. Альпенистер тасжұтар тәуекелге неге барады? Қызығушылық дейміз бе, спорт түрі дейміз бе? Бұл өзіңе деген сенімділік, рухты шыңдау, қорқынышты жеңу. Альпенизм-экстрим. Альпенизм-адреналин. Кез келген альпенистің мақсаты шыңырау шыңды бағындыру. Тар жол тайғақ кешеді. Асықпай жүріп қадамын анық басады. Мұзға көмілген мәйітті талай кездестіреді. Мұз құрсауында қалғандар сәтсіздіктің құрбаны, жардан ұшқандар, аяқ-қолы сыңғандар. Эверестің бұрасы мен бұлтарасында шамамен 200-дің үстінде адам сүйегі сіресіп жатыр. Бұл тек бір таудың статистикасы. Биіктікке беттеген адамның еркелігін тау көтермейді, қателікті кешірмейді. «Опат болған альпенистерді эвакуациялау қиямет шаруа. Тікұшақ 8000 биіктікке көтеріле алмайды, ауасы сирек, апатқа ұшырауы даусыз. 

Адамның шыныдай сіресіп қатқан денесі мен аяқ-қолын бөлшектеп кеспесең, тасымалдау мүмкін емес. Амал жоқ, қаза болған альпенистер осылайша таудың қия-шатқалдарында көмусіз қала бреді»1 Мұз құрсауынан мәйітті табу да оны елге әкелу де қиынның қиыны. Көп альпенистердің денесін тауып суретке түсірушілер олар: «құдды бір ұйықтап жатқандай көрінеді» дейді. Аяқ-қолын үсік шалса да өліспей беріспейтін адамдар көп. Олар қол ұшын созуды сұрайды. Алайда, теңіз деңгейінен 8000 метр биіктікте адамгершілік жайына қалады емес пе? Осылайша адам денесі тауға тастай бітеді. Бірінің арманы мен мақсаты орындалады, енді бірі сәтсіздіктің құрбанына айналады. Естеріңізде болса, Титаниктің жолаушылары дендері сау, бай-бақуатты адамдар болған. Аман қалғаны саусақпен санарлықтай. Деседе, альпенизм әрекеті көп, берекеті шамалы шаруа. Жүректілік пен табандылықтың айнасы іспеттес. Альпенистер жанкешті жұрт. 

Сәттілік серіктеріңіз болсын.

1. «Аспантау немесе альпенизм ақиқаты» Әлібек Асқаров