COVID-19
13 мың қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды
Қазақстанда 10 ақпандағы жағдай бойынша 13 301 адам ресейлік "Спутник V" вакцинасымен егілді. Бұл туралы Bugin.kz платформасы хабарлайды.
⠀
Вакциналау барлық өңірлерде басталды. 778 егу пункті орналастырылды, оның ішінде қазіргі уақытта 166-сы жұмыс істеп тұр, барлығы қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Тоғыз мыңнан аса медицина қызметкері оқытылды.
«Біз Қазақстанда QazCovid-In вакцинасын жасап жатырмыз, оның технологиясы (Sputnik-тен) біршама өзгеше. Бұл инактивацияланған вакцина. Біздің елде клиникаға дейінгі барлық клиникалық зерттеулер кезеңдері ерекше бақылауда»,- дейді Цой.⠀
QazCovid-in вакцинасы өндірісіне 36,1 миллиард теңге бөлінеді.
Денсаулық вице-министрі Ажар Ғанияттың айтуынша бұл 15 680 000 адамға есептелген вакцинаға кететін қаражат.