Қазақ халқы – тәуелді халық

«Серке» газетінің жабылуына басты себеп болған Міржақып Дулатовтың «Біздің мақсатымыз» мақаласының жариялануы

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Бұл мақаланың саяси астары терең. Мақала авторы қараңғы қазақ халқының Ресейге тәуелділігіне шыдамай, қазақ жұртын осы езгіден шықсын, өз жерінде емін-еркін өмір сүрсін деп жазғаны. Ол шындықты жаза отырып, өміріне қауіп төнетінін біле тұра елім, жерім деп ұран соқты. Министрдің тапсырмасымен чиновник, урядник, стражниктердің қазақ жеріне арам пиғылдарын орындау үшін аттанғанын ашық түрде жазды. Олардың кедей қазақтарды ұрып-соғып, мал-мүліктерін тартып алып, ойына келгендерін жасағанын тілге тиек етеді. Ендігі кезекте чиновниктердің қазақ даласына мұжықтарды жер аудартып, шұрайлы жерлерін тартып әпергенін және емін-еркін иемденіп жатқанын, Ресейдің жері аз ба еді қазақтың жеріне көз салатындай деген пікірлер білдіреді. Сонымен қатар Думаны оларға тиімсіз заң үшін таратып жібергенін олардың қорыққаны деп ашық жеткізеді. Құрылған дала соттарының жанымен, тәнімен туған халқына берілген азаматтардың асылып, атылып кеткенін, қазірдің өзінде ерлеріміздің шалғайда жүргенін немесе түрмеде отырғанын үлкен өкінішпен жазды. Осылайша қазақ халқының Ресей отаршыларынан көріп жүрген қорлығы, езгісі, автордың көкірегінде қайғы, күйік болып, біте қайнады. Мақаланың демократиялық бағытына тоқтала кетсек ол халық билігін қолға алып, азаматтардың өз ойын ашық жеткізе алуына, қазақ халқының қараңғылықтан шығуына арналып жазылғандай. Қазіргі кезбен сол кезді салыстыра келе біздің көзі ашық, көкірегі ояу, оқыған, демократиялық бағытты ұстанушы мемлекет екенімізді аңғаруға болады. Алайда сол кездегі Міржақыптай от ауызды, орақ тілді, өз ойын еркін жеткізе білетін қазіргі кездің сөз бостандығын ұстайтын журналисттер кем де кем. Мысалы сол бір қиын қыстау заманда М.Дулатов өзінің басты мақсатын, болашақтың жарқын болуы үшін шыбын жаны шыққанша өз қоғамымен күреседі. Бүгінде журналистер сөз бостандығы берілген десе де кейбір журналистер осы бір мәселенің түйінін шеше алмай өз жұмысынан алыстап жатыр. Ашық ойын жеткізетін Нартай Аралбайұлы өткір тілімен бүгінде талайды тамсандырып, еліміздің әлеуметтік, экономикалық мәселесінің шешілуіне үлес қосып жатыр. Тағы атап өтер болсақ Дина Төлепберген де қазіргі қоғамды дүр сілкіедірген халықтың тұрмыстық жағдайын ашық алаңға тастап, астарлы ақиқатын ақтара отырып, талайдың тағдырын шешіп жатыр. Бұл да қоғамның жаңа сатысындағы мәселелер, бірақ ең бастысы басқаның бодандығында емеспіз! Сөз соңында мемлекетімізде сөз бостандығы, баспасөз еркіндігі мәселесін жақсы деп айтуға әлі ерте. Өйткені тәуелсіз басылымдар көптеген қиындыққа ұшырайды, ал осы басылымдардың журналистері үнемі бақылауда, үлкен қысым жағдайында жүреді.