Әлем жаңалықтары

Пара берген Қырғызстанның бас мүфтиі отставкаға кетті

Мүфти Мақсатбек қажы Тоқтомушев қызметінен кетті. Ол бұл қызметті 2014 жылдан бері атқарып келеді

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қырғызстанның муфтият басшылығы Ұлттық қауіпсіздік комитетіне 100 мың доллар көлемінде пара ұсынған. Осы жайтқа қатысты Бас мүфти Мақсатбек қажы Тоқтомушев отставкаға кетті. Бұл туралы Bugin.kz платформасы zakon.kz-ке сілтеп хабарлайды.

Sputnik басылымының хабарлауынша, мүфтият басшылығы "қажылыққа барушылардың садақасын асыра пайдаланды" деген күдікке ілінген. Қаржы институттарына 100 миллион сом көлеміндегі қаражатты ірі несие ретінде берген. Несиеден ай сайынғы пайыздық үстемақы алып отырған.

Заңсыз іс анықталған соң, мүфтият басшылығы ҰҚК қызметкерлеріне пара ұсынған. Ақша аударымы кезінде мұсылмандар діни басқармасының бас есепшісі ұсталды. Аса ірі көлемдегі пара фактісі бойынша іс қозғалды. Ұсталған адам уақытша ұстау изоляторына қамалды.