Сараптама

"Just Do It" хакім Абай философиясында

900$ қалтамда қалсын десеңіз, қазақи мотивация мен маркетинг. Дана Абай қара сөзі мен Nike компаниясының маркетингі арасындағы байланыс

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

XXI ғасыр хакім Абай айтқандай той тойлайтын емес, ой толғайтын заман. Шынымен қазіргі адамдар үздіксіз даму процесінде. Жаһан жанданып жатқан кезде біліміңізді, қабілетіңізді шыңдап отыру міндетті. Осыған байланысты жетістікке ұмтылған жандар арасында курс пен тренинг ұғымы тенденцияға айналды. Әрине, тұлға ретінде даму бұл қуантарлық жағдай, дегенмен әйгілі бизнес-тренер Тони Робинсонның 900$ тұратын 2 сағаттық семинар-тренингіне қатысу ақылға қонымсыз.

Біріншіден, біз айтқан коуч Тони Робинсон ақпаратты айдан алып бермейтіні анық, демек сәл ізденсек  дәл сол ақпаратты өз ортамыздан да таба аламыз. Екіншіден, қалтаңыз қағылмайды. Ендеше ақпарат ағымында қалай қателікке бой ұрмай білім аламыз?

Біздің кемшілігіміз ақпаратты сырттан іздейміз.
Инфобизнес, маркетинг, мотивация десе ойымыз шетел асып, "аузы дуалы" американдық спикерлердің тренингін тік тұрып тыңдау деп ойлаймыз. Шын мәнінде бұл айтылғандар қазекеңе таңсық дүние емес. Сенбейсіз бе, ендіше Хакім Абайдың қара сөзіне үңілсеңіз жеткілікті. Маркетинг дейсіз бе, мотивация дейсіз бе бәрі бар.
   
Just do it (просто делай) жәй ғана іске асыр, бұл әлемге әйгілі Nike компаниясының ұраны. 1977 жылы осы слоган арқылы әлемдік сауда нарығының есігін теуіп кірді. Өмір пәлсапсын маркетингке айналдырды. Адамзатқа арманыңа жету үшін жәй ғана әрекет ет деді. 
 
Енді дана Абай қырық үшінші қара сөзінде бүй дейді:" Біреуі орысша «подвижной элемент» деп аталады. Ол не нәрсе? Не көрдің, не есіттің, әрнешік білдің, соны тездікпенен ұғып, ұққандықпенен тұрмай, арты қайдан шығады, алды қайда барады, сол екі жағына да ақылды жіберіп қарамаққа тез қозғап жібереді. Егер бұл болмаса, көп білуге көп оқу оңды пайда да бермейді. Керекті уақытында ойламай, керекті уақытында қылмай, керекті уақытында айтпай, дәйім уақытынан кеш қалып, «Әй, әттеген-ай. Үйтуім екен, бүйтуім екен» деп, өмір бойы ғафил болып-ақ отырғаның".

Жаңағы "just do it"-тің қазақша баламасы осы емес пе? Артық сөздің қажеті жоқ секілді.
Сырттан емес, өзімізден іздеуіміз қажет дегенім осы ғой. Адамдар өмірін өзгертетін, дамуға ұштайтын пәлсапа ойлар кені өзімізде де жеткілікті. Бұл ой Абайдың тек бір қара сөзінен ғана үзінді. Қаншама маржан су астында жатыр.
Сондықтан бойымызда ыстық қайрат, жылы жүрек, нұрлы ақыл бар кезде ізденейік, талпынайық. Абайша айтсақ just do it!