Bugin
ЕО есе қайтарғысы келеді
Еуропа Одағы оппозиционер Алексей Навальныйды соттағаны үшін Ресей билігіне санкция салмақ. Қазір ұйымдастыру жұмыстары жасалуда. Бұл жайлы Bloomberg хабарлады.
Басылымның хабарлауынша, Еуропа Одағы елдерінің өкілдері кеше кездесу өткізіп, Ресейге санкция салу мәселесін пысықтаған. Өкілдердің бәрі санкция салуға бір ауыздан келіскен.
Еуроодақ өкілдерінің айтуынша, Кремль билігінің еуропа елшісі Жозепа Боррельді дұрыс қарсы алмай, "мінез көрсеткені" ұнамаған. Олардың ойынша, Ресей билігі АҚШ үкіметіне бұлай қоқан-лоқы жасай алмайды. Өйткені одан жасқанады. Ал Еуропаны місе тұтпайтын көрінеді.
Сондықтан Еуропалық Одақ өкілдері Ресейге "сабақ болсын" деп 22 ақпан күні санкция жарияламақ. Бұған одақ елдері бір ауыздан келісіп отырған көрінеді.