Bugin

Орыс саясаткері: Қытайдың Шыңжаңдағы саясаты нәтиже бермеуі мүмкін

Азаматтық киім киген қытай әскері

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қытай билігі Орталық Азиядағы әскери күшін арттыруға тырысуда. Өйткені бұл аймақтың лаңкестің ұйымдардың ордасына айналып кетуден қорқады. Шыңжаңдағы басып-шаншу саясатын да сол үшін жасауда. Мұны Мәскеудегі Карнеги орталығының бағдарлама басшысы Александр Габуев Коммерсант басылымына сұхбат беру кезінде айтты.

Оның айтуынша, Қытай үкіметі Орталық Азиядағы әскерін күшейтуге барын салуда. Мәселен, қытай инвесторлары мен кәсіпорындарын қорғайтын жеке қытай әскері барын білеміз. Оны жекеменшік әскери кампания дейді. Мұндай жекеменшік әскери бірлестіктер Қытайдың ұлттық азат ету әскерімен тікелей байланыста. Қытай сол арқылы Орталық Азия елдерін уысында ұстап отыр.

"Қытай қауіпсіздікке мән беру керегін жақсы біледі. Өйткені мәселе мынада. Қазақстан мен Қырғызстанның шекарасында Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық үлкен аймағы бар. Бұл аумақ Қытайдан бөлініп шыққысы келеді. Қытай билігі онда сандық лагерь жасақтап, басып-шаншу, тырп еткізбеу арқылы ұйғыр мәселесін шешкісі келеді. Мұндай қатал саясаттың нәтижесі жақсы бола ма әлде жоқ па – белгісіз. Бірақ Орталық Азияда болған кез келген лаңкестік жарылыс Қытайға кеп зияны тиеді. Егер бұл маңда Сомали еліндегідей әлемдік террористік интернационал құрылып, мәселе ушығып кетсе, онда Қытайдың ауыр зардап шегетіні анық. Сол себепті Орталық Азияда қарулы күштерін жайғастырып, жағдайды бақылауға алғысы келеді", - дейді Александр Габуев.