Bugin
Грант тағайындады
Еуропа комиссиясы Қырғызстанда адам құқығы мен демократияны қолдау үшін 1 млн еуро қаржы берді. Бұл жайлы Bugin.kz платформасы Russia Today-ға сілтеме жасап хабарлайды.
Басылымның хабарлауынша, Қырғызстанда азаматтық қоғамды дамытуға Еуропа комиссиясы арнайы грант бөлген көрінеді. Грантты жеңіп алған ұйым жастар мен әйелдердің құқығын жақсарту, қырғыз халқының медиасауаттын арттыру, еркін ақпарат арқылы өз ойын ашық білдіруді үйрету, сондай-ақ, БАҚ-та араздық пен арандатуға қарсы іс-шара қолға алу бойынша жұмыстар атқармақ.
Тендер құжатында жалпы бюджет 1 млн еуро деп көрсетілген. Ал бір гранттың сомасы 300-500 мың еуро айналысында болуы мүмкін.
Айта кеткен жөн, 2019 жылы АҚШ Қырғызстанда парламенттік сайлауды қолдау үшін 2,5 млн доллар қаржы бөлген.