Қазақстан жаңалықтары
Осы уақытқа дейін Амангелді ауыл тұрғындарына ғаламторды пайдалану біршама қолайсыздықтар туғызды.Бірақ бұл мәселе де оңтайлы шешімін тапты.Себебі,Ойыл ауданына қарасты Көптоғай селосындағы Амангелді ауылына ұялы байланыс желісі орнатылды
Амангелді ауылына ұялы байланыс телефонының базалық станциясын қондыруды KCELL Акционерлік қоғамы өз жауапкершілігіне алған.
«Жоба «250+» бағдарламасымен жүзеге асырылды.2020 жылы наурыз айында басталған бұл жоба Амангелді ауылын 3G желісімен қамтамасыз етуді көздейді.250+ бағдарламасы тек ауылдың тұрғындарының саны 250-ден асса ғана жүзеге асырылады,сонда ғана ұялы байланыс желісі қондырылады», - дейді KCELL Акционерлік қоғамының аға инженері Ерден Бектаубаев.
Амангелді ауылынан бөлек ACTIV желісі Көптоғай селосының басқа да ауылдарына да қондырылды.Бұл жаңалық ауыл тұрғындарының төбесін көкке жеткізді .Өз қуаныштарын жасыра алмаған жұрт Көптоғай селолық әкімдігіне алғыстарын жаудырып, жылы лебіздерін білдірді.
«Ауылға байланыс желісі қондырылғаны жақсы болды.Бұрындары терезе алдында отыратын едік,қазір кез келген жерден ғаламторға кіретін болдық.Балалар үшін тиімді,өздеріне керекті материалдарды интернеттен қарап,білмегендерін біле алады», - дейді Амангелді ауылының тұрғыны Дербисов Ербол, - «Ауылымызға ұялы байланыс желісін қондыруда табанды еңбек көрсеткен басқа қызметкерлерге,оның ішінде аға инженер Жұбатқанов Баубекке және қондыру жұмыстарының жанында болған Көптоғай ауылдық округінің әкімі Асылбаев Ерлан мырзаға үлкен рахмет айтамын».
Қазіргі карантин жағдайына байланысты Қазақстан мектептерінің дені онлайн режимде сабақ оқуға көшті. Онлайн білім беруде ұялы байланыс желісінің сапалы болуы маңызды.Амангелді орта мектебінің түлегі, қазіргі кезде Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің студенті Сағынова Ақкенже де ұялы байланыс желісінің қондырылғанына қуанышты.Себебі,онлайн сабаққа кіру мәселесі жеңілдейді.
«Ауылға желі қондырылғанына қуаныштымын.Онлайн сабаққа кіру үшін біраз қиналатынмын.Қазір,шүкір,интернет жақсы.Онлайн сабағыма қиындықсыз кіремін», - дейді студент.
Бұл жалғыз Сағынова Ақкенженің қуанышы емес,ауылдың басқа да студенттері қуанып қалды. Осы кедергіні жеңу үшін барлық ауылдарға ұялы байланыс желісі қондыру ағымдағы жылдың күнтізбесіне енбек. Бастама әрбір ауыл тұрғындарын қуантары сөзсіз.
фото: tengrinews.kz