Bugin

Ресей тілшілерін ұнатпайды: Скриптонит жеке интернет басылым ашты

Медиабасылымның сапасы ұнамайды

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

"Скриптонит" лақап атымен танымал қазақстандық рэпер Әділ Жәлелов өзінің жеке ғаламтор басылымын құрды. Медиаресурс музыка индустриясы жайлы жазбақ. Бүгін Скриптониттің өзі медиапорталының тұсаукесерін жасады.

Әділ Жәлеловтің айтуынша, музыка мен ән өнері жайлы жазатын ТМД-да сапалы БАҚ жоқ. Тіпті, кейбіріне Instagram-дағы парақшасынан мәлімет алуға тыйым салған. Енді міне, өзі құрған Musica 36 лейблімен бірігіп, жеке ғаламтор басылымын ашты.

Бүгін сағат 21.00-ден бастап Karmapolitan атты медиаресурс іске қосылды. Скриптонит бұл жобаны былтыр бастаған. Кейбір мақалалар күзде жазылып, сайтта жарияланған екен.

Медиапортал музыка әлеміндегі жаңалықтар, музыка бағыты мен жанрлары жайлы шолу және талдау материалдарын, шетелдік және отандық әртістердің жанрлық музыкасы жайлы мақалалар жазбақ. Редакторы - Әділ Жәлеловтың өзі. Сайттың өзінің бөлек чарты бар. Чарттың атауы – Karma 30. Ресейлік хит-парадтың тізімін жасақтамақ.