Спорт

Роналду - әлеуметтік желіде жарты миллиард оқырманы бар алғашқы адам

Үш әлеуметтік желіне қосқанда

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Португалия құрамасы мен итальяндық «Ювентустың» шабуылшысы Криштиану Роналду түрлі әлеуметтік желілерде жарты миллиард оқырман жинады.

Футболшы Роналдудың оқырмандарының көбі Instagram желісінде. Онда 261 миллион жазылушысы бар. Шабуылшының Twitter желісінде 91 миллион қолданушы бар екен. Фейсбуктегі футболшының оқырмандары - 126 млн адам.

Роналду - әлемдегі ең танымал футболшылардың бірі. Ол Манчестер Юнайтед, Реал Мадрид және Ювентус клубтарында ойнап, танымал болды. Бес рет Чемпиондар Лигасының кубогын жеңіп алған. Португалия құрамасында Роналду 2016 жылы Еуропа чемпионы болды.