Bugin

Тоқаев неге Twitter-ден сөйлейді?

Неге Тоқаев 1% халыққа ғана үн қатып отыр?

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстанда Инстаграмда 11 млн, Фейсбукте 2,3 млн адам, ал Президентіміз отыратын твиттерде бар жоғы 128400 отандасымыз тіркелген.

Неге онда Тоқаев 1% халыққа ғана үн қатып отыр?

Твиттер адамдарды емес, идеяны біріктіретін платформа.Ал біздің қоғамға әзірге адамның өмірі, оның не ішкені мен не жегені маңызды.

Твиттер Орта Азия елдерінде аса дамымаған. Себебі бізде саяси дискуссия атымен жоқ. Идея үшін күресетін тұлғалар тапшы. Соңғысын 2006 жылы шығарып салдық. Автократиялық жүйе идея үшін күресті жоққа шығарған.

Тоқаевтың твиттерді қолдануында символикалық белгі бар. Бұл әлеуметтік желінің белсенді қолданушылары Рим Папасы, Стивен Кинг, Барак Обама, Дональд Трамп (былтыр Трамптың аккаунтын твиттер блоктап тастаған) секілді әлемдік тұлғалар. Яғни Тоқаев өзін әлем адамы ретінде позициялайды. Президент твиттерде 168 адамды оқиды. Оның ішінде Билл Гейтс, Майк Блумберг, Джо Байден, Джеф Безос, Билл Клинтон сияқты аса танымал тұлғалар. Оған қоса олар демократтар.

DataReportal Агенттігінің айтуынша 82% қазақстандықтарға интернет қолжетімді. Бұл «заказ» емес деп ойлаймын. Бірнеше уақыт бұрын Асқар Мәмин қазақстандықтардың 99%-на интернет қолжетімді деп "картопты" жарған еді.

Интернетте отыратын орташа жас 30,8 екен. Қарап тұрсаңыз орда бұзатын кезең. Бірақ орда бұзылып, қамал алынып жатпағаны көрініп тұр. Демек твиттерге тіркелу керек пе?

Алмас Маратұлы, Facebook

Мемлекеттік сатып алу бойынша

8 705 324 11 61