Денсаулық
Шигеаки Хинохара – жапон дәрігері әрі ұзақ өмір сүру жөніндегі сарапшы
Назарларыңызға дәрігердің денсаулықтың кепілі бола алатын 20 кеңесін ұсынамыз
1. Салмағыңды ұста: жапондықтар салмақ қосуды 10,000 аурудың бастауы деп айтады;
2. Дәрігерге сенбе: дәрігерлер пен емшіліктің көпшілігі - пайда табуды көздеген бизнеске негізделген;
3. Ғылым ешнәрсені толық емдеген жоқ, ол сол уақытта ғана ауырсынуды басады, бірақ аурудың себебін емдемейді;
4. Әрдайым алдын-ала жоспарла. 備 え あ れ ば 憂 い な し «Егер дайын болсаңыз, қайғы-қасірет болмайды» Жапон мақал-мәтелі
5. Ауырсыну - бұл ғажап нәрсе. Ауырсынуды басатын дәрілерді қолданбауға тырысыңыз;
6. Мотивацияны құрметтей біліңіз: бір нәрсені байқап көруге және оны жаңадан бастау үшін мотивация өте маңызды;
7. Өмірдегі барлық нәрсе үшін шынайы алғыс айта біл: бар нәрсенің бәрі сенде болуы міндетті емес. Мысалы жақсы көретін адамың, ұнатқан затың, жұмыс-қызметің дегендей... Сондықтан барыңа риза бол:
8. Жеделсатыны пайдаланба: жаяу жүру - ұзақ және сау өмірдің құпиясы;
9. Уайымдауды доғарыңыз: болуы тиіс нәрсе болмай қоймайды;
10. Білгеніңмен бөліс: білім мұхит сияқты, мұхиттан шөмішпен су алып, өзгемен бөліскенмен, оның суы азаймайды;
11. Ақшаға ессіз ғашық болма: ақша - тек құрал ғана, бақыт ол жерде ғана болмайды;
12. Өнеге бола алатын бірдеме тап: өзің ең жақсы жасай алатын нәрсені істеп, басқаларға үлгі бол. Жақсы күле білу, жаза білу өнері т.с.с;
13. Зейнетке шығу туралы ойлама: қоғамға белсенді бол;
14. Әрқашан миыңды жұмыс істете біл: денеңді шынықтырып дамытқандай, миыңды да дамыта біл;
15. Ешқашан тоя тамақтанба: 腹 八分 目 Асқазанның 80% -нан асырма;
16. Күн сайын бір стакан қызыл шарап іш: Аурудың алдын алады және жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтады;
17. Жақсылап ұйықтап демал: шаршауды басу үшін 8 сағаттық, кем дегенде 6 сағат ұйқы керек;
18. Шын жүрегіңізбен күле біліңіз: Стресспен күресудің ең жақсы тәсілі;
19. Кешіріп үйрен: ренжігіш адам іштей мүжіледі;
20. Омега 3-ке бай тағамдар қолданыңыз: жасыңыз емес, ақыл-ойыңыз жас болуы маңызды.
Аударған Амантай Тойшыбайұлы
фото: zen.yandex.ru