Қоғам

Саясаттанушы: Үкімет елдің әрбір азаматына төлемақы төлеуі тиіс

Егер елдің әл-ауқатын жөндемесе, бір күнде көтерілуі мүмкін

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Қазақстандық саясаттанушы Мақсат Нұрғалиевтің айтуынша, қазір халық жаппай көтерілудің, билікке ашуын шығарудың алдында тұр. Өйткені елдің табысы күннен күнге азайып, әл-ауқаты нашарлап барады. Мұны ол Эхо Казахстан-ға берген мақаласында айтқан.

Саясаттанушының жазуынша, елді қымбатшылық басып, мемлекет экономикасы құлдырап кетті. Халық табысының жартысын тамаққа ғана жұмсауға мәжбүр. Ал үкімет белгілеп берген ең төменгі күнкөріс деңгейі 50 пайыз төмендеп, тұтыну кәрзеңкесін қанағаттандырудан қалды.

Оның айтуынша, ел үкіметі халықтың әлеуметтік көрсеткіштерін тағы бір қарап, заманауи тұтыныс жағдайын қайта реттеуі, халықтың әл-ауқатына сай келетіндей етіп шақтауы тиіс.

"Ең төменгі күнкөріс деңгейі әрбір азаматтың аш қалмауына септігін тигізуі шарт. Ең төменгі еңбекақыны да көтеру керек. Менің ойымша, елдің әрбір азаматына кепілдендірілген базалық табыс төлеуі тиіс. Бұған қазіргі экономикамен ондаған жыл уақыт кететінін түсініп отырмыз. Бірақ елдің әл-ауқатын жақсартудың ең тиімді жолы осы", - дейді Мақсат Нұрғалиев.

Ал халыққа кепілдендірілген базалық табысты төлеу үшін бюджет қаржысын үнемдеудің бірнеше жолы бар.

"Мәселен, мемлекеттік қызметте шенеунік өте көп. Оларды қысқарту арқылы қаншама қаржы үнемдеуге болады. Шенеуніктерді қысқартудан Қазақстанға еш зиян келмейді. Сондай-ақ, табысы мол корпорацияларға салық төлетуді бастау керек", - деп түсіндіреді саясаттанушы.

"Қазір халық аш. Пандемия мүлдем қажытып жіберді. Қазақстан билігі елдің әл-ауқатын көтеремін деп 30 жыл жүр. Бірақ түк істей алмады. Менің ойымша, халық одан әрі титықтаса, одан ашуын ұстап тұра алмасы анық. Елде протесттік көңіл-күй орнауда. Әлеуметтік жағдайдың төмендеуі саяси көтеріліске алып келеді. Егер билік шетелдік компаниялар мен олигархтарға "жем болмай" халықтың жағдайын ойламаса, онда ел жаппай көтерілері хақ", - деп жазады саясаттанушы.