Саясат

Астанадағы бес қыздың өлімі: Кімді жазалауы мүмкін?

Ішкі істер министрлігі

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Астанада қайғылы жағдайдан кейін кімнің жазалануы мүмкін екенін айтты.

Ильиннің айтуынша, құқық қорғау органдары әзірше қайтыс болған қыздардың ата-анасын айыптамайтынын мәлімдеді.  "Бірінші кезекте мұның балаларды қараусыз тастап кетуі екені түсінікті. Бұл бап мұнда қарастырылмайды, бірақ сотта жекелей шешілетін болады. Мысалы шомылу кезінде балаларды қараусыз қалдырып, артынша олар мерт болып жатады. Бұл үшін баласынан айырылған ата-ананы жазалау қорлық, бірақ бұл жауапкершілікті сезіну қажет. Ал мұнда отбасы бес баласынан айырылып отыр. Сол себепті жауапкершілік туралы шешім тергеу органдары мен сотта анықталады", - деді Ильин.  

Тергеу барысында отағасының жұмыс берушісіне де сұрақтар қойылады.  "Тергеу барысында әкесін дереу жұмысқа шақыру қажеттілігі шынымен де болды ма деген мәселелер анықталады", - деді ол.  Астана әкімі Бахыт Сұлтановтың "ТЖ департаментінің салғырттығынан" осындай жағдайға душар болды деген айыптауына қатысты Ильин құтқарушылар бір апта бұрын ғана дәл осы үйде рейдтік шара өткізілгенін айтты.  "Өкінішке қарай, біз келген уақытта үй иелері инспекторларды баспанасына кіргізгісі келмейтін жағдайларға тап болып жатамыз. Бұл олардың конституциялық құқығы және инспектордың үйге баса-көктеп кіруге еш құқығы жоқ. Сол себепті біз өрттің алдын алу, қандай әрекеттер жасау керектігі туралы айтамыз, одан артық ештеңеге бара алмаймыз", - деп түсіндірді ол.  

Болашақта осындай жағдайларға тап болмау үшін ТЖК Құрылыс істері жөніндегі комитетпен бірге жеке тұрғын үйлерде тұратын адамдардың газсараптау, яғни табиғи газдан улы газды ажырататын құрылғысын орнату мақсатында ережелерді жасап жатырмыз", - деді ол. 

kaz.tengrinews.kz