Bugin

Еуроодақ: Шекарадағы шектеу вирусты тоқтатпайды

Еуроодақ короновирустың етек алуына қарамастан шекараны жаппауға шақырды.

Авторларды қолдау орталығы

mediabugin@gmail.com

Германия  жаңа штамдардың таралуының тоқтату үшін көрші Чехия мен  Австрияның Тироль аймағымен шекараны одан әрі қатаңдатты. Мұндай шектеулер жексенбіден бастап күшіне енді. Шараны бақылау үшін шекараға мыңға жуық полицей орналастырылды. Ел аумағына тек үйіне оралған тұрғындар мен дәрігерлер сынды мамандарға ғана кіруге рұқсат. Бірақ шекарадан өтетіндердің ПТР-тесті болуы тиіс.

Мұндай шектеулер Ұлыбританияда да өз күшіне енді. Шетелдік азаматтар шекарадан өту үшін тапсырылатын ПТР тесттің ақысы бекітілді. ПТР тест тапсырмағандарға салынатын айыппұл мөлшері де анықталды.